Сейілжанова Гүлсім (8. 10. 1924 жылы туған, қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ақсеңгір с-зы) – қазақ совет ақыны. 1945 жылдан КОКП мүшесі. Алматы санақ техникумын (1949) бітірген. Колхоз шаруашылығында (1943–51), сауда орындарында (1951–59), Республика халық творчествосы үйінде (1959–73) қызмет атқарды. Вера Инбер, Соломея Нерис тағы басқа ақындардың бірсыпыра өлеңдерін қазақ тіліне аударды.Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев

Шығармалары: Тұңғыш. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1964; Ана гүлі. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1970; Білезік. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1971; Шалқыма. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973; Алқоңыр. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1975; Тау қызы. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1979; Сәуле. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1983; Жүрегімнің айнасы. Өлеңдер, поэма. А., «Жазушы», 1986; Асу. Өлеңдер. А., 1995.Әдебиет порталы