Попов Владимир Иванович 1936 жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы Ленин (қазіргі Есіл) ауданының Покровка селосында туды. 1953 жылы Вильямс атындағы МТС-­те токарьдің үйренушісі болып еңбек ете бастады. 1955 жылдан 1961 жылға дейін осы МТС пен «Интернационал» МТС­ де комбайнер болып істеді. 1961 жылдан бері «Белов» кеңшарының комбайнері.

1967 жылы 19 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Владимир Иванович Поповқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

Дереккөздер Айбын Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы.

Санат:1936 жылы туғандар

Санат:Социалистік еңбек ерлері