Мауна-Кеа обсерваториясы"' Обсерваториялардың бір тобы АҚШ-тың Гавайи штатаындағы белсенді жанартау Маунка-Кеа шыңында орналасқан. Мауна-Кеадағы обсерватория - оптикалық, инфрақызыл және субмиллиметірлік астрономиядағы ең үлкен обсерватория. Бұл нысанды Гавайи университеті басқарады, ал обсерваторияларды әр түрлі ұлттардың мемлекеттік органдары қаржыландырады. Мауна-Кеа теңіз деңгейінен 4207 м биіктікте орналасқан. Ол әлемдегі астрономиялық обсерваториялардың ең жақсы орналасқаны болып табылады.Мауна-Кеа телескоптары''': Муна-Кеа шыңында 12 телескоп жұмыс істейді. Олар мыналар: Калтек субмиллиметрлік обсерваториясы (КСО) Канада-Франция-Гавайи телескопы (КФГТ) Джемини солтүстік телескопы НАСА-ның инфрақызыл телескопы (ИҚТЖ) Джеймс Клерк Максвелл телескопы (ДжКМТ) Субару телескопы Субмиллиметрлік антена (СМА) Ұлыбритания инфрақызыл телескопы (ҰБИҚТ) Гавайи университетінің 88 дюймдік (2,2 м) телескопы (ГУ88) Гавайи университетінің 24 дюймдік (610 мм) телескопы (ГУ 24) Өте ұзақ базалы антеннаның бір қабалдағышы (ӨҰБА) В.М.Кек обсерваториясы

Санат:Обсерваториялар туралы аяқталмаған мақалалар Санат:Астрономиялық обсерваториялар