Сесиль Джон Родс (5. 7. 1853, Бишоп-Стортфорд, Хартфордшир,—26. 3. 1902, Мейсенберх, Кап отары)— ағылшын саяси қайраткері. 19 ғасырдың 80—90 жылдары Оңтүстік және Орталық Африканың орасан зор территориясын басып алуға дем беруші және оны ұйымдастырушы. Бұл жерлердің бір бөлігі отарға айналдырылып, 1895 ж. оның құрметіне Родезия деп аталды. 1890—96 ж. Р. Кап отарының премьер-министрі болды. Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9 том

Дереккөздер

Санат:Ұлыбритания саясаткерлері Санат:Ұлыбритания кәсіпкерлері