Рокфеллерлер — АҚШ-тағы неғұрлым қуатты қаржылық-монополиялық топтың бірі, актив мөлшері жағынан Моргандардан кейін 2-орын алады. Топтың негізін мұнай алпауыты Джон Дэвисон Рокфеллер салды. Рокфеллерлер елдің мұнай байлығын пайдалану арқылы орасан мол дәулет жинады. Олар аса ірі алты мұнай монополиясына: «Стандард ойл оф Ныо-Джерси» «Сокони ойл» «Стандард ойл оф Индиана» «Стандард ойл оф Калифорння» «Атлантик рифайнинг» «Огайо ойл» бақылау жасайды. Рокфеллерлер шаруашылықтың электротехника, машина жасау, авиация, қант өнеркәсібі, сондай-ақ темір жол сияқты кейбір салаларына да өз ықпалын жүргізеді. Топтың негізгі финанс орталығы — АҚШ-тың ең қуатты банкілерінің бірі — „Чейз Манхаттан банк“. Осы арқылы Рокфеллерлер химия өнеркәсібіне, атом энергиясы өндірісіне еніп, аса маңызды шикізат көздерін қолына алды. Рокфеллерлердің жалпы активті (белсенді) ақшасы 1970 жылы 100 млрд. доллардан асып түсті.Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9 том

Дереккөздер

Санат:АҚШ қаржыгерлері