Ян Облак (словен. Jan Oblak; 7 қаңтар 1993, Шкофья-Лока) — словениялық футбол ойыншысы, «Атлетико Мадрид» клубының және Словения ұлттық құрамасының қақпашысы.

Мансабы Облак Шкофья-Локада дүниеге келді, өзінің мансабын туған қаласындағы «Лочан» клубында бастады. 10 жасында ол «Олимпия Любляна» клубына көшкен болатын, ал 2009 жылы «Эмполи» клубының ұсынысын қабылдамай, 2011 жылға дейін Словения елінде қалды.

2012-14 жылдары "Бенфика" сапында ойнап, Португалия чемпионы атанды.

2014 жылы клубтан кеткен Тибо Куртуаның орнын басу үшін "Атлетикоға" ауысты.

Ұлттық құрама сапында тұңғыш рет 2012 жылы ойнады. Самир Хамданович құрамадағы карьерасын аяқтаған соң, Облак Словенияның негізгі қақпашысына айналды.

Жетістіктері Командалық

«Бенфика» Португалия чемпионы: 2013/14 Португалия кубогы: 2013/14 Португалия лига кубогы: 2013/14

«Атлетико Мадрид» Испания суперкубогы: 2014 УЕФА Еуропа Лигасы: 2017/18

Жеке Самора жүлдесінің иегері: 2015/16, 2016/17, 2017/18

Санат:Атлетико Мадрид ФК ойыншылары Санат:Бенфика ФК ойыншылары Санат:Словения футболшылары Санат:Словения Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары