Қотыртас – Сарыарқаның орталық бөлігіндегі тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы жерінде, Ақсу-Аюлы ауылынан солтүстікке қарай 20 км жерде орналасқан. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай Алабұға және Талды өзендері аралығында 30 км-ге созылып жатыр, енді жері 7-8 км. Абсолюттік биіктігі 1071 м (Қазығұрт тауы).
Жер бедері Сай, жыра, шатқалдармен тілімденген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс беткейлерінде қорымтастың мол үйінділері кездеседі.
Геологиялық құрылымы Тас көмір жүйесінің гранитоид жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Шала дамыған қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, боз, қараған, т.б. бұталар өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы таулары