Майсаз – Нарын жотасындағы тау.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Балғын ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 2186 м.

Жер бедері Беткейлері нашар тілімденген, тау басы - қыратты үстірт. Тік келген солтүстік және шығыс беткей баурайында Күршім өзенінің оң саласы - Маралды өзені ағып өтеді.

Геологиялық құрылымы Тау девон дәуірінің туф және эффузивтік тау жыныстарынан түзілген. Беткейлерінде гранит интрузивтері де кездеседі.

Өсімдігі Солтүстік беткейінде қылқан жапырақты, батыс және оңтүстігінде қайың, көк теректен тұратын шағын орман шоқтары кездеседі. Жоғарғы белдеулерде және тау басында альпілік шалғындар қалыптасқан.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Катонқарағай ауданы таулары