Пьер Жан Жорж Кабанис (; 5 маусым 1757, Конак, Коррез, – 5 мамыр 1808, Рюэй) — француз философы, материалист, дәрігер. Жирондистермен сыбайласып, 18-брюмердегі контрреволюцияшыл төңкеріске қатысқан. Ол материя мен адам психикасының қатынасы жайындағы мәселені материалистік тұрғыдан шешкенімен, бұл салада айтарлықтай тереңге бара алмады.

Идеялары Кабанис ойлауды материяның физиологиялық жемісі деп санады. Сөйтіп, ойлау деген — бауыр немесе ұйқы безінің секрециясы сияқты, мидың жемісі деді. Кабанистің мұндай қорытындыға келуі оны турпайы материализмніц алғашқы өкілдерінің бірі деп айтуға негіз болды. Кабалистің материализмнен кейбір (қандайда бір ішкі сезімділікті, агностиктік идеяны мойындауы) ауытқуы оның материалистік философиясы мен атеизмін буржуазия тарихшыларының жоққа шығаруына себеп болды. Оған қарамастан оның ғылми қызметі медицина мен физиологияның дамуына едәуір ықпалын тигізді.Қазақ Совет Энциклопедиясы,5 том

Дереккөздер

Санат:тұлғалар Санат:Философтар Санат:Материалистер‎ Санат:Франция философтары