Аббас-Мирза Шарифзаде (; 9 (22) наурыз 1893, Шемахы — 16 қараша 1938, Баку) - Әзірбайжанның кино және театр әртісі, режиссер, әзірбайжан халқының ең алғашқы әртістерінің бірі.
30 жыл ішінде Шарифзаде Әзірбайжан халқы мен әлемдік драматургия шығармашылығында он шақты рөлде ойнады. Шарифзаде бірінші рет әртіс-трагик ретінде танылды. Оның ең атақты шығармашылығы – Уильям Шекспирдің трагедиясында болды. Шарифзаде әзірбайжан халқының драма театрының тарихында үлкен рөлі бар. 1926 жылдан бастап, Шарифзаде әзірбайжан халқының опера театрында режиссер қызметін атқарды.
Сталиннің репрессиясында айыпты болып, 1937 жылдың желтоқсан айында тұтқындалды және жарты жылдан кейін өлім жазасына кесілді.
Өмірбаяны Аббас-Мирза Шарифзаде 1893 жылы 9 қаңтарда Шемахе жерінде Мирза Абдул-Расула мен Мелек-Нисаның отбасында дүниеге келді.Анасынан ерте айырылған Шарифзаде екінші рет Фаррухбегимге үйленеді. 1907-1908 оқу жылдарында Шарифзаде еркектер гимназиясына түседі.Бірақ ол аурып,оқуы аяқталмай қалады. Шарифзаденің ағасы Мирза Мамед Таги театр әлеміне жақын болды. Шарифзаденің де театрға қызығушылығын ағасы арттырды. Баку қаласында Шарифзаде 9 жасында алғаш рет спектакль сахнасына шығады.Шарифзаде мұны өзінің шығармашылығының бірінші басқышы деп есептейді.
Жеке өмірі 1919 жылы 22 маусымда Аббас-Мирза Шарифзаде Ханифа-ханым Акчуринаға үйленеді. Олардың Ертоғрыл, Қаратай деген ұлдары болған. Екі ұлының аты Шарифзаденің спектакль сахнасында ойнаған рөлдері бойынша қойылды. Шарифзаденің үлкен ұлы Ертоғрыл заңгер болып,көп жылдар бойы Баку районында прокуратура болып жұмыс істейді.1951 жылы 20 қазанда кіші ұлы Каратай үлкен сержант болып тағайындалған.
Шарифзаде 30 жыл бойы ұлттық және әлемдік драматургияда көптеген еңбек сіңірді. Әзірбайжан драматургиясында Шарифзаде Балаш,Айдын,Эйваз рөлдерін сомдаған.
Галерея
Дереккөздер
Санат:1938 жылы қайтыс болғандар Санат:1893 жылы туғандар Санат:Әзербайжан театр актерлері Санат:Әзербайжан театр режиссёрлері Санат:КСРО театр режиссерлері Санат:Әзербайжан кино режиссёрлері Санат:Әзербайжан кинопродюсерлері Санат:Әзербайжан кино актерлері Санат:КСРО актерлері Санат:КСРО-да бұйрықпен атылғандар Санат:КСРО-да репрессияланғандар Санат:Бакуде қайтыс болғандар