Даниэле Бонера (; 31 мамыр 1981https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/5856, Брешиа, Италия) — италиялық футболшы, «Милан» клубының экс-қорғаушысы. 2019 жылы футболшылық карьерасын аяқтады да, бапкерлікке кірісті.

Мансабы «Брешиа» клубының түлегі және осы клубта 1999 жылы кәсіби мансабын бастаған еді.

2002 жылдан 2006 жылға дейін «Пармада» ойын көрсетті, осы клубта бас ойыншылардың бірі атаңды.

2006 жылдың шілдесінде «Миланмен» 4 жылдық келісім-шартқа отырды. A Сериясында ойын көрсететін клубтағы алғаш ойынын 2006 жылдың 17 қыркүйегінде өткізді. Бұл ойын «Парма» клубына қарсы өтті. 2006/07 маусымында Милан клубымен Чемпиондар Лигасын ұтып алды.

Жетістіктері

Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (1): 2004

Милан

Чемпиондар лигасы (1): 2006/07 Клубтар әлем чемпионаты (1): 2007 УЕФА суперкубогы (1): 2007 Италия чемпионы (1): 2010/11 Италия суперкубогы (1): 2011

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:31 мамырда туғандар Санат:1981 жылы туғандар Санат:Италия футболшылары Санат:Италия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Брешиа ФК ойыншылары Санат:Парма ФК ойыншылары Санат:Милан ФК ойыншылары Санат:Вильярреал ФК ойыншылары Санат:2004 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері