1960 жылы 6 ақпанда Қызылорда облысының Қазалы ауданында туған.1975-1978 жж. – Қазалы қаласындағы 34-ші аулдық кәсіптік-техникалық училищені қызыл дипломмен бітірген. 1979-1981 жж. Кеңес Армиясы қатарына шақырылған. Арнайы дайындықтан өткеннен кейін 1979 жылы 27 желтоқсанда Ауған Халық Демократиялық Республикасында әскери қызметін атқаруға жіберілген.1981-1985 жж. Алматы құрлыс техникумын "Өнеркәсіптік-азаматтық құрлыс" мамандығы бойынша бітіріп, 2000-2004 жж. Орталық Азия университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. 2004-2008 жж. – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша оқыған. 2005-2011 жж. – Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының “ҚАЗАҚСТАН АРДАГЕРЛЕРІ” қауымдастығы төрағасының орынбасары, самбодан әлемнің екі дүркін чемпионы, Асқар Шайхиев атындағы Таэкван-до спорт клубының президенті және “Сауап” қоғамдық қорының президенті. 2012 жылғы қаңтардан бастап бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік – мәдени даму комитетінің мүшесі. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. Қазалы ауданының “Құрметті азаматы”; II дәрежелі «Айбын», “Құрмет”, “За заслуги”, “Долг и честь” ордендерінің кавалері, Ресей Федерациясының, Ауғанстан Ислам Республикасының, Монғолия Республикасының медалдарымен және құрмет грамоталарымен марапатталған.Таэквондо бойынша V дан - қара белбеу иегері.“Ауғанның от жалыны”, “Мен көрген соғыс”, “Война, которую видел я”, “Қан кешкен күндер”, “Намыстың құлы – Алаштың ұлы”, “Қаhарман”, “Үш қырлы жебе” кітаптарының авторы. Б.Момышұлының “Қолбасшы күнделігі - Дневник командира” еңбегін басып шығарған. ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі. ҚР Президентінің тапсырмасыменен “Алғашқы әскери дайындық” пәні бойынша Мемлекеттік бағдарлама әзірлеген.

Дереккөзі "Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі"

Санат:1960 жылы туғандар