Маймонид (Моисей бен-Маймон, , ; Рамбам ( - акроном רבי משה בן מיימון «Рабби Моше бен Маймон немесе Маймун»), араб әдебиетінде Абу Имран Мұса ибн Маймун ибн Абд-Алла әл-Курдуби әл-Яхуди () / Абу Имран Мұса бин Маймун бин Абдалла әл-Куртуби әл-Исраили (30 наурыз 1135, Кордоба – 13 желтоқсан 1204, Мысыр) — еврей философы, аристотельші, иудаизмнің рационалды мектеп жетекшілерінің бірі, дін танушы-талмудист, Тәурат заңдарының кодификаторы, раввин, өз дәуірінің жан-жақты ғалымы, дәрігер. Britanica настольная энциоклопедия. Том І «АСТ-Астрель» Москва, 2006. ISBN 978-5-17-08532-4 (T.1) (ACT) ISBN 978-5-271-1512-0 (T.1) (Aстрель).
thumb|150px|Маймондтың үйі, Фес, Морокко Фанатикті Альмахад ұйымы Кордовты басып алғаннан кейін Маймонид өзінің дінге деген сенімін жасырды. Дінді ұстанушыларға еркіндік беруді жақтап, 1165 жылы Египетке қарай қоныс аударады. Мұнда сұлтан Саладиннің сарай дәрігері ретінде танылады. thumb|250px|right|Маймонд мазары, Тибериас Өзінің алғашқы ғылыми діни еңбегін 23 жасында жаза бастады, оны он жылдан кейін барып аяқтады. Бұл араб тілінде жазылған Мишнеге түсіндірме болатын. Басқа да еңбектері: Мишне Тораның еврейлік заңдар жинағы (иврит тілінде), иудаизмде тәубаға келудегі рационалды жол мен Аристотель ілімінің әсерімен жазылған діни философия бойынша классикалық еңбек Сенімсіздердің жалтақтығы (араб тілінде) деп аталды. Бұл еңбек ғылымды, философияны, дінді жинақтауы қажет. Маймонид орта ғасыр иудаизмде мықты интеллектуалды тұлға ретінде танылды.
Маймонид бойынша, Құдайдың құдіретімен емес, табиғи себептерге байланысты дамиды. Тарих даумының негізіне "материалдық мүдде" мен күш алынған. Маймонид халық бұқарасы мен билеуші таптар мүдделеоінің қарама-қайшылығын атап көрсетіп, феод. өзара қырқыстан ада, халық толқуларын басып-жаншуға қабілеті күшті ұлттың мемл. құруды жақтады. Саяси күресте ұлы мақсаттар үшін мораль заңдарын елемей, қандай да болсын құралдары қолдануға болады деп санады, билеп-төстеушілердің билік үшін күрестегі қатыгездігі мен опасыздығын ақтады. Маймониддің маңызы "мемлекетке алғашқылардың бірі болып адам көзімен қарап, оның заңдарын теологиядан емес, парасат пен тәжірибеден шығара бастағанында"."Қазақ энциклопедиясы" - Философиялық сөздік Негізгі шығармашылығы: Адасушыға нұсқаулық (The Guide for the Perplexed) Мишне Тора Тақсыр (1532) Дереккөздер
Санат:Ришоним Санат:Кордовада (Испания) туғандар Санат:Мысырда қайтыс болғандар Санат:Әл-Қарауин университеті түлектері Санат:Алфавит бойынша философтар Санат:XII ғасыр философтары Санат:Еврей философтары Санат:Алфавит бойынша ғалымдар Санат:Натурфилософтар Санат:Иудаизм дінтанушылары Санат:Марокко раввиндері Санат:Мысыр раввиндері Санат:Мысыр медиктері