Сиара Куинн Браво () — американдық актриса және модель. «Nickelodeon» каналының «Табысқа алға» сериалындағы Кэти Найт рөлімен танымал болды.
Бала шағы Сиара 1997 жылдың 18 наурызында Александрия қаласында, Кентукки штатында дүниеге келді. 9 жас аралығында модельдік шоуларға қатысты. Ол өз отбасын қалдырып, Оңтүстік Калифорния штатына қоныс аударады.
Сиараның үлкен әпкесі — Риккель және Джэксон атты егіз бауыры бар.
2008 жылда жас актриса әр түрлі тыңдалымдарға барып жүреді. Көптеген фильмдерде екінші дәрежедегі рөлдерді ойнады. Киараның басты рөлінің бірі — «Табысқа алға» сериалындағы Кэти Найттің рөлі. Бұл сериал 2009 жылдан бастап, 2013 жылға дейін жалғасты. Қазіргі кезде, «Қызыл білезіктер» сериалындағы Эмма Чотаның рөлімен танымал.
Білімі Tanya Berezin — Acting (current) — Los Angeles Tony Gonzales — Voice Over Coach (current) — Los Angeles Anna Zinkhorn — Riding Coach (current) — Misty Ridge Farms — Western Pleasure
Қызықты мәліметтер Сиара «Табысқа алға» сериалында рөл алғанын білгенде, Амиш қаласында болды. Сиараның сүйікті тобы – Big Time Rush. Актрисадан басқа Киара суретші болғысы келді. Сүйіп тұтатын әншісі – Селена Гомез. Жақсы көретін жануары – ат. Гарри Поттердің жанкүйері. Браво өз жанкүйерлерін жақсы көреді. Бос кезінде жас актриса гитарада ойнауды және достарымен бірге серуендеуді ұнатады. Сиараның айтуы бойынша, оның түстері шын өмірде қайталанбайды. Сиарада 2 үй жануары бар. Мысығы – Смоки Моисей және иті – Шеба.
Санат:1997 жылы туғандар Санат:АҚШ актрисалары Санат:АҚШ фотомодельдері