Карлос Роберто ПенаВега (.; 15 тамыз, 1989; Колумбия, АҚШ) — американдық әнші, актер және биші. «Табысқа алға» сериалындағы Карлос Гарсианың рөлімен танымал болды. «Big Time Rush» тобының бұрынғы мүшесі.
Өмірбаяны Балалық шағы Карлос Миссури штатындағы Колумбия қаласында дүниеге келді. Флорида штатындағы Вестон қаласында балылық шағы өтті. Жастайынан актерлік шеберлікке құштар болды. Әкесінде испан және венесуалық, ал анасында доминикандық қандар бар.
Мансабы Мектепте оқып жүре, Карлос су ататын тапаншалардың жарнамасында түскен. Оның беті ойыншықтардың сыртында болды. Пена Бостондық консерваторияда оқыды. Оның менеджері «Big Time Rush» сериалындағы рөлге жазып қойған. Карлос барғысы келген жоқ. Бірақ, сосын тыңдалымға барып, 2 айдан кейін Карлос Гарсианың рөлін ойнайтынын білді. 2009 жылы Голливудқа көшті.
2014 жылдың ақпан айында «Electrico» деген сингл шығарды. Бұл синглды «PenaVega» атты лақап атымен шығарды.
Жеке өмірі 2010-2012 жылдары актриса Саманта Дроукпен кездесті.
2012 жылдың соңынан бастап, Карлос актриса – Алекса Вегамен кездесіп, 2013 жылдың қыркүйегінде жұп аттасты. 2014 жылдың 4 қаңтарында Карлос пен Алекса Мексикадағы Пуэрто-Вальярте қаласында үйленді. Екеуі тектерін қосып, қазір ПенаВега (ағылшын. PenaVega) тегімен жүр.
Фильмографиясы ЖылыҚазақша атауыШынайы атауыРөлі2004Жедел жәрдемERАрло Эскобар2005Әділетті ЭмиJudging AmyДиего Вальдесера2005Шексіз жазSummerlandстудент2009-2013Табысқа алғаBig Time RushКарлос Гарсиа2011Қайырлы түн, АйLittle BirdsЛуис Эстес2012Биг Тайм ФильмBig Time MovieКарлос Гарсиа2013Мадагаскардан шыққан ПингвиндерThe Penguins of Madagascarтыңдалым2013Марвин МарвинMarvin Marvin2014Роботтың өміріLa Vida RobotОскар Васкес
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер