Достар – Қарасу өзенінің жағалауындағы тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 40 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1025 м. Ұзындығы мен ені 6 - 7 км.

Жер бедері Беткейлері сайлы-жыралы, аңғарлармен қатты тілімденген, солтүстік және шығыс бөлігі құлама тік жартасты. Орталық бөлігін оңтүстіктен солтүстікке қарай өзеннің шалғынды құрғақ аңғары бөледі.

Геологиялық құрылымы Тау ордовик және девон жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырағында бидайық, бетеге, қызғылт қау, мұз жусан, бөрте жусан өседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы таулары