Қарабұтақ – Қабырға алабындағы өзен.
Географиялық орны Қостанай облысы Жангелді ауданы жерімен ағады.
Бастауы Бастауын Ақжар ауылының солтүстік-батысындағы жонды-белесті өңірдегі бұлақтардан алып, Қабырға өзеніне оң жағынан құяды.
Гидрологиясы Ұзындығы 35 км. Арнасының басым бөлігінің жағалауы жайпақ. Қабырға өзеніне құяр тұсында біршама жарқабақты келеді. Ұзындығы 10 км-ге жетпейтін жалпы ұзындығы 168 км болатын 50-ден астам салалары (жылғалар, бұлақтар) бар. Жылдың барлық мезгілінде арнасында ағын болады. Алабы мал жайылымына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Жангелді ауданы өзендері Санат:Торғай су алабы