Амангелді (2007 жылға дейін – БогатоеҚұрманғазы ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы) — Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Бірлік ауылдық округінің құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы — Құрманғазы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 30 км-дей жерде орналасқан.
Тарихы
Бұл елді мекен бұрын Богатый ауылы деп аталған. Елдің айтуы бойынша балықтың көп болуы себепті, «Богатые места», «Богатые угодья» атауларының негізінде айтылса керек. Алғашқы балықшы ұжымдары 1930 жылдары құрылған. 1940 жылдары Ботақан ауылдық кеңесінен «Екпінді құрылыс» колхозының мүшелері қоныс аударған. 1959 жылы шаруашылыққа Амангелді есімі берілген. Ауданда ұсақ шаруашылықты ірілендіру мақсатында көрші «Қызылтаң» колхозына біріктірілді. Күні бүгін Бірлік ауылдық округіне қарайды.Киелі мекен, қасиетті өлке -Құрманғазы. Ағатай баспасы, Атырау-1920 ж. ISBN 978-601-7861-86-5
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 366 адам (184 ер адам және 182 әйел адам) болса, 2009 жылы 427 адамды (212 ер адам және 215 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 400 адамды (203 ер адам және 197 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Әлеуметтік және мәдени нысандары
Ауылда мектеп, балалар бақшасы, клуб, кітапхана, сауда нүктелері жұмыс жасайды. Білім беру ұйымдары А.Иманов атындағы орта мектеп — 1944 жылы бастауыш мектеп болып ашылды. 1960 жылы мектептің жаңа үйі пайдалануға берілді. 1969 жылы мектеп 8 жылдық болды. 1986 жылы мектепке А.Иманов аты берілді.Құрманғазы ауданы. Шежіре. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2008. - 312 бет + 16 бет түрлі-түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-535-7
Елді мекендегі көшелер Амангелді Иманов көшесі Болашақ көшесі Сарай Сүйіншәліқызы көшесі Ұлы Жеңіске 60 жыл көшесі
Дереккөздер
Санат:Құрманғазы ауданы елді мекендері