Бірлік ауылдық округі — Атырау облысы, Құрманғазы ауданындағы әкімшілік бірлік.
Әкімшілік құрамы Құрамына Бірлік, Амангелді ауылдары кіреді. Орталығы – Бірлік ауылы.
Тарихы Тарихи деректерге қарағанда ауылдық кеңес 1922 жылы құрылған. Бүгінгі күні округке Бірлік және Амангелді ауылдары, басқа да шағын аралдар қарайды. Округ орталығы аудан орталығынан оңтүстік батысқа қарай Игольный каналының басында орналасқан. Алғашқы жылдары орыс ұлтының өкілі көп болса, қазір негізінен қазақтар тұрады. Округ орталығы бұрын Утера деп аталған. Өлкетанушы М.Жолжановтың айтуы бойынша «Утера» сөзі, «шайылған» деген мағынаны береді. Ауылдың негізі 1858 жылдары теңіз суының қайтуына байланысты пайда болған. Округ тұрғындары негізінен балық аулау және өңдеумен айналысады. Бұрынғы «Қызыл таң» ұжымшарының негізінде қазір «Каспий Балық» ӨК жұмыс істейді.Киелі мекен, қасиетті өлке -Құрманғазы. Ағатай баспасы, Атырау-1920 ж. ISBN 978-601-7861-86-5
Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 2099 адамды (1091 ер адам және 1008 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары +Елді мекенБұрынғы атауыХалқы,адам (1989)Халқы,адам (1999)Халқы,адам (2009)Халқы,адам (2021) Бірлік Утеры 1493 1640 1697 1699 Амангелді Богатое 393 366 427 400
Әлеуметтік және мәдени нысандары С.Н.Имашов атындағы жалпы орта, А.Иманов атындағы негізгі мектеп, Байда ауылдық клубы, емхана, кітапхана, байланыс бөлімшесі т.б.бар.
Шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлік Округте 4 шаруа қожалығы, 29 кәсіпкер, 1 тойхана, 7 дүкен, 1 сауда – саттық үйі, 1 шаштараз және компьютер орталығы жұмыс жасайды.http://atyrau.gov.kz/page/read/Selskie_okruga_kur.html
Округ басшылары Округте әр жылдары Д.Ғабдрашиева, Қ.Ахметов, Ғ.Иманиев, М.Кенжеғалиев, Қ.Мүханбетқалиев, Қ.Муфтаховғ Р.Дощанова, Б.Сейтеков, Б.Шәріпов, З.Луқпанова, Қ.Сулейменова, Қ.Нуржанов, Б.Ақбанов, А. Аманғалиев және т.б. басшылық қызметте болды.
Округтегі тарихи және мәдени ескерткіштер Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлестерге қойылған обелискі Амангелді Имановтың мүсіні Жауынгер интернационалист В.В.Григорьев тұрған үйдегі мемориалдық тақтаҚұрманғазы ауданы. Шежіре. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2008. ISBN 9965-17-535-7
Дереккөздер
Санат:Құрманғазы ауданы ауылдық округтері