Қызылоба – Шыңғыстау жотасының батыс бөлігіндегі тау сілемі.

Географиялық орны Абай облысы Абай ауданы Жүрекадыр ауылының солтүстік-батысында 50 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1064 м, салыстырмалы биіктігі 50-60 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 16 км-ге созылған, енді жері 6 км.

Жер бедері Тау аңғарларымен, өзен, сай жыралармен тілімденген. Беткейлері тік жарқабақты, қырқалы келген тізбектелген жоталардан тұрады. Солтүстігінен Қарасу, оңтүстігінен Байқошқар, Бақанас өзендері тау бұлақтарынан бастау алады. Оңтүстік-шығысында Қарақшы, оңтүстік-батысында Ақдомбақ таулары бар.

Геологиялық құрылымы Төменгі және орта палеоген кезеңінің жанартаутекті шөгінділерінен, құмтас, тақтатас, конгломерат, т.б. жыныстардан түзілген. Етегінде қорымтастардың үйінділері көптеп кездеседі.

Өсімдігі Баурайында тобылғы, қараған, аңғарында тал, терек, қайың, шалғын өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Абай ауданы (Абай облысы) таулары