Масарик Томаш Герриг (1850-1937) - чех философы және саяси қайраткер, масарикизм деп аталатын ағымның негізін салушы. Масарик философиясында (оны "реализм" деп атады) дәйектілік жоқ. Онда позитивистік эмпиризм (бұл көбінесе Масариктің алғашқы шығармаларына тән) иррационалистік және діни-этикалық идеялармен ұштасып жатыр. Масариктің пікірі бойынша, таным процесі құбылыс шекарасынан тыс шығып, адам болмысының мәні туралы мәселе туындаған кезде дін өзінің күшіне енеді. Бұл жерде ол "дін" деп әдеттегі ортодоксалдық діни ілімді емес, "адамгершілік сенімге" негізделген діни нанымды айтады. Масарик абстрактілі гуманизмді уағыздаумен, бурж. реформаторлық ("ұсақ істер" теориясы, адамгершілік жағынан жетілу) және таптық ынтымақ бағдарламаларымен айналысты. Шығармашылықтары: "Қазіргі адам және дін" (1896-98); "Әлеуметтік мәселе" (1898); "Социология оқулығы", "Социологияның мәні мен тәсілдері" (1900-01). Дереккөздер Қазақ Энциклопедиясы - "Философиялық сөздік"
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Масарик Томаш Герриг · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.