Миллс Райт (1916-62) - американдық социолог әрі публицист. Бурж. либерализм тұрғысынан жазылған еңбектерінде ол АҚШ-та бурж. демократияның құлдырауын айқын суреттеп берді, корпорациялардың өкілдерінен, үкімет бюрократиясынан және соғысқұмарлардан тұратын олигархияның толық үстемдігін көрсетті, АҚШ-тағы милитаризм мен соғысқа даярлықты әшкереледі. АҚШ-тың қазіргі социологиясының түрлі бағыттарын қатаң сынай отырып, олардың методол. әлсіздігін, формализмін және монополиялардың мүддесіне бағынышты екенін көрсетті. Миллстің кемшіліктері - ол қоғамды қайта құрудың шынайы жолдарын көре білмеді, жұмысшы табының бүкіл дүнжүз. тарихи ролін теріске шығарды және маркстік-лениндік философияны қате түсіндірді. Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы - "Философиялық сөздік"
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Миллс Райт · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.