Митхат Сағадатдинович Булатов - өзбек совет архитекторы. Өзбек КСР-інің еңбек сіңірген құрылысшысы. КСРО Құрылыс және архитектуралық академиясының корр. мүшесі. 1949 жылдан КОКП мүшесі. 1934 ж. Ленинградтың инженерлік құрылыс институтының архитектура факультетін бітірген. 1940-1962 ж. Ташкент қаласының бас архитекторы атанды, 1955-1964 ж. Өзбекстан Архитекторлар одағының председателі болды. Оның басқаруымен Самарқан, Ферғана, Қоқан, Үргеніш қалаларының бас жоспары жасалды. Митхат Сағадатдинович Булатовтың жобасы бойынша Ташкенттегі Өзбек КСР ауыл шаруашылық және ет, сүт, өндіру министрліктерінің әкімшілік үйі, "Победа" паркі, "Ташкент" қонақ үйі, "Пахтакор" стадионы салынды.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976ж., 9 том

Дереккөздер

Санат:КСРО тұлғалары