Үлкенкүйген — Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Жаңаталап ауылдық округінің құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы — Құрманғазы ауылынан батысқа қарай 32 км және округ орталығы Хиуаз ауылынан 21 км, құмайтты-сазды келген жерде орналасқан.Құрманғазы ауданы. Шежіре. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2008. ISBN 9965-17-535-7

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 202 адам (100 ер адам және 102 әйел адам) болса, 2009 жылы 242 адамды (121 ер адам және 121 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 125 адамды (70 ер адам және 55 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Елді мекендегі көшелер Атамұра көшесі

Дереккөздер

Санат:Құрманғазы ауданы елді мекендері