Питер Брук - ағылшын режиссері. Оксфорд университетінде оқыған. Қызмет жолы Режиссерлік қызметін 1943 ж. Лондондa бастады. 1943-1946 ж. бірқатар театрларда, соның ішінде Бирмингемнің репертуарлық театрында жұмыс істеді. 1945 -1965 ж. Мемориалды тетарда Шекспир драмтургиясы бойынша қойылымдар қойды. Лондон, Париж драма театрларында қызмет етті. "Ковент-Гарден", "Метрополитен-опера" тетарында опера да қойды. 1962 жылдан бастап Корольдық Шекспир тетарын басқарушылар тобының бірі. Питер Брук қойған "Гамлет" пен "Король Лир" қойылымы Мәскеуде көрсетілді. Ол бірнеше фильм де түсірді. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1973ж., 2 том

Дереккөздер

Санат:Англия тұлғалары