Қособа – Ақкіріш тауының солтүстік-батысындағы тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы Отарбай ауылының оңтүстік-батысында 19 км жерде орналасқан. Көң өзенінің аңғарында.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 398 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 2 км-ге созылған, енді жері 1 км. Беткейі жайпақ келген. Солтүстік-батысында Көктау тау, оңтүстік-батысында Қияқты сор алқабы, шығысында Бірлік қыстауы бар.
Өсімдігі Қоңыр топырақ жамылғысында итмұрын, қараған, қылқан боз, тарақ селеу, сұлыбас, т.б. өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Нұра ауданы таулары