Бақытжан Әбдірахманов (1965 ж.т., Қаратау қ.) — ғалым, заң ғылымының докторы, профессор.
1990 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Жер құқығы жөнінде маман. 1990 - 1992 ж. "Ақсай" оқу-өндірістік шаруашылықтың заң кеңесшісі, 1995 ж. жоғары арақазылық соттың экономикалық кеңесшісі, мемлекет арақазысы, судьясы, ҚР Соттар Одағының төрағасы, ҚР Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі.
Ғылыми жұмыстарының бағыттары Әбдрахмановтың ғылыми жұмыстарының негізгі бағыттары: Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарын жетілдіру; Жер туралы пікірталастарды шешу барысында соттардың қолдануына қажетті құқықтардың өзекті мәселелері; ҚР жер қатынасын реттеудің заңдылығын қамтамасыз етудің құқытық мәселелері. "Тараз, Жамбыл облысы" энциклопедиясы, Алматы 2003
Дереккөздер
Санат:Жамбыл облысы тұлғалары