Иоахим фон Риббентроп - фашистік Германияның басты соғыс қылмыскерлерінің бірі. 1930ж. Нацистік партияға кіріп, көп кешікпей Гитлердің сенімді адамдарының біріне айналды. Нацистер өкімет басына келгеннен кейін сыртқы саясат саласындағы арнаулы бюроны басқарды. 1936 ж. Лондонға елші болып тағайындалды. 1938 жылғы ақпан - 1945 ж сыртқы істер министрлігі Иоахим фон Риббентроп гитлерлік агрессияның аса маңызды актілерін дипломатиялық жағынан әзірлеу, дүние жүзілік үстемдікке жету мақсатымен әскери-саяси блок құру жұмыстарына басшылық етті. Нюрнбергтегі Халықаралық әскери трибуналдың үкімімен дарға асылды. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1973ж., 448-бет 2 том

Дереккөздер

Санат:Германия тұлғалары Санат:Рейхсминистрлер Санат:Өлім жазасына кесілген саясаткерлер