Анри-Луи Лекен (, Лёке́н деген атпен белгілі ( немесе Le Kain; 1729 жыл 31 наурыз, Париж — 1778 жыл 8 ақпан, сонда) - француз актері. Өмірі Зергер отбасында туған. XVIII ғасырдың 40 жылдары жеке меншік театрлардың спектакліне қатысты. Вольтердің шәкірті; оның қоғамдық және эстетикалық көзқарастарын берік ұстанды. Ағартушы классицизмнің көрнекті актері болды. 1750 жылдан «Комеди Франсез» (Париж) театрының актері. Вольтер драмалық шығармаларында (трагедия) Оросман («Заирада»), Сейіт, Мұқамет («Мұқаметте»), Шыңғысхан («Қытай жетімінде») т.б. рөлдерді ойнады. 1759 жылдан спектакльдер қоюға қатысты. М.Барон мен А.Лекуврердің өнер дәстүріне сүйене отырып, актерлік ойындағы ақсүйектік-салондық талғампаздыққа қарсы күрес жүргізді. Сахналық киім-кешектің тарихи-этнографиялық жағынан шынайы болуына көңіл бөлді. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 7 том

Дереккөздер

Санат:Актёрлер