Сарғалдақ сұлыкеш () — Сарыторғайлар тұқымдасының Сұлыкештер тармағының құсы.

Таралуы Орта Азия, Ауғанстанда, батыс Қытайда, Моңғолияда, солтүстік Пәкістанда кең таралған. Үндістан, Непал, Бангладеште қыстайды.

Қазақстанда кең таралған, ең ашық түсті және кей жерлерде өте көп мөлшерде кездесетін сұлыкеш.

Биологиялық сипаттамасы Сарғалдақ сұлыкештер - биік шөпті немесе бұталары бар, соның ішінде қурайлы далалы барлық жерде қоныстанып көптеген жерлердің аясын көріктендірген құстар. Аталығының өңі өте ашық түсті, жоны – қошқыл жіңішке жасылдау сарғыш, бауыры – ашық сары, басы, жемсауы және төсінің алдыңғы бөлігі - айрықша ашық қоңыр, аналығы шұбарлынған және жасылдау болып келеді.

Әуені Әуені қарабас сұлыкештен басқа, қалған сұлыкештердің әуенінен айрықша және дыбыс қанықтығы әйгілі «сандуғаш әуенін» еске түсіреді. Әдетте әуені орыс тіліндегі «чуть-чуть-чуть три рублья не выиграл» деген сөйлем арқылы беріледі. Аталықтары көбінесе осы әуенмен тамаша құсойнақ жасап ұшады, мұндайда құйрығын көтеріп алып, қанатын аздап қалтыратады да, бұтадан бұтаға қалықтап ұшады.

Ұясы және балапандарына қамқорлық Сарғалдақ сұлыкеш ұяларын қалған сұлыкештердің көпшілігінен ерекше жерге емес, бұталарға орналастырады. Сонымен бірге ұялау тостағаншаның сыртын үнемі жасыл шөппен құндақтайды. Жұмыртқаларының түрі де, өрнегі де сандуғаш жұмыртқасын еске түсіреді: жұмыртқалары –ақ немесе ұсақ секпілді жасылдау болып келеді. Салындыдағы 3-5 жұмыртқаны аналығы басады. Балапандарын да аналық жиі қоректендіреді , ал аталығы жеміне ұшып жүріп , сайраймен болады. Қазақстанда сарғалдақ сұлыкештер, 4 ай - сәуірдің басынан тамыздың соңына дейін кездеседіМектеп энциклопедиясы. Ковшарь А.Ф., Ковшарь В.А. ISBN 978-601-282-168-0.

Дереккөздер

Санат:Сарыторғайлар Санат:Азия құстары