Николай Григорьевич Разживин - партия және совет қызметкері, генерал-майор.

1940 жылдан КПСС мүшесі. Боготол қаласындағы пойезддардың машинистерін даяарлайтын транспорт-техникалық мектепті, Өскемен педогогикалық институтын бітірді. 1940 жылға дейін Қызыл Армияда қызмет етті. 1940-1941 ж. Шымкент станциясында депо мүшесі. 1942 жылдан 1951 жылға дейін Шымкент облысы ішкі істер басқармасында, кейіннен Мемлкеттік қауіпсіздік басқармасында істеді. 1951-1954 ж. Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігінің Жамбыл облысы басқармасында бөлім бастығы, 1954-1960 ж. Мемлкеттік қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облыс басқармасының бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы болды. 1960-1963 ж. Қазақ ССР Министрілігі Советі жанындағы мемлкеттік қауіпсіздік комитеті басқармасының бастығы, ал 1963-1970 ж. осы комитеттің Қарағанды облыс басқармасының бастығы болды. 1970 жылдан Қазақ ССР Министрлігі Советі жанындағы Мемлкеттік қауіпсіздік комитеті председателінің орынбасары.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976 ж. 9 том

Дереккөздер

Санат:КСРО тұлғалары