Алексей Петрович Пшеничный (25 қыркүйек 1904 жыл Саратов облысы, Краснокутск ауданы, Воскресенка ауылы - ? ) - қазақстандық ғалым-зоотехник. Саратов ауыл шарушалығы институтын бітіріп, осы облыстың қой совхозында зоотехник болды. 1931 жылдан Қазақтың мал өсіру ғылым-зерттеу институтында ғылыми қызметкер, 1942-1948 ж. Алматы облысы, "Луч Востока", Мичурин атындағы колхозында зоотехник болды, 1948 ж. Қазақтың мал өсіру ғылым зерттеу институтында ғылыми қызметкер.
Алексей Пшеничный 30-дан астам ғылыми еңбектің авторы. Қазақтың биязы жүнді қойын шығаруда селекциялық жұмысқа қатысқаны үшін КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы берілді. Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет белгісі" ордендермен және медальдармен марапатталды.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976 ж. 9 том
Дереккөздер
Санат:КСРО ғалымдары Санат:Қазақстан зоотехниктері Санат:1904 жылы туғандар Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері