Лабид ибн Рабиа (560 жыл - 661 жыл) - араб ақыны. Көшпелі Әмір тайпасынан шыққан.
Шығармашылығы Лабид ибн Рабианың негізгі шығарамалары 50 шақты өлеңнен ғана тұрады. Оның көпшілігінде ақын өскен елін, туған өлкесін жырлаған, батырлықты, мәрттікті мадақтаған. Лабид ибн Рабиа поэзиясы ой-мазмұнының қарапайымдылығы, сөз кестесінің өрнектілігі, тілінің жатықтығымен назар аударады. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 7 том
Дереккөздер
Санат:Ақындар Санат:560 жылы туғандар Санат:661 жылы қайтыс болғандар