Пеккала(Pekkala)Мауно 17.01.1890,Сюсмя,-01.07.1952,Хельсинки ) - финн саяси және мемлекеттік қайраткері. Мамандығы - юрист. 1936-45 жылдары Финляндия С.-д. партиясы (ФСДП) Аткомының мүшесі. 1939-42 жылдары финанс министрі, Финляндияны 2 - дүниежүзілік соғыстан (1939-45) шығару жолындағы "бейбіт оппозицияны" жақтады. 1945 жылы ФСДП-ден шығарылды, сол жылы Финляндия халқының демократиялық одағына (ФХДО) кірді. 1944-45 және 1945-46 жылдары Ю.К.Паасикиви үкіметінің құрамына енді. 1946-48 жылдары бірсыпыра демократиялық өзгерістер енгізген коалициялық демокартиялық ынтымақ үкіметінің (ФСДП,ФХДО және Агр.одақ) басқарды. 1948 жылы КСРО мен Финляндия арасындағы достық, ынтымақ, өзара көмек туралы шартқа қол қойды. Қолданылған әдебиет Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,9 том,180 -181 бет