Сарыгүл (Trollius altaicus)- сарғалдақ тұқымдасына жататын, биіктігі 15-100 см, көп жылдық шөптесін өсімдік. Биологиялық сипаттамасы Жапырағы кезекті орналасқан, аусақ салалы. Гүл ірі, димаетрі 7см, ашық сары не қызыл сары түсті, қос жынысты. Маусым-шілдеде гүлдейді. Жемісі көп жапырақша, жылтыр қара тұқымды. Сарыгүл субальпілік және альпілік шабындықта, бұталы, орманды, таубеткейінде (2500 м биіктікке дейін) таралған. Таралуы Сарыгүл Орта Азия, Батыс Сібір, Батыс Қытай, Батыс Монғолияда, Қазақстанда Ұлытау, Алтай,Тарбағатай, Жоңғар, Күнгей, Шле, Кетпен,Теріскей, Қырғыз Алатауында таралған. Сарыгүл парктерде әсемдік үшін қолдан өсіріледі. Қолданылған әдебиет Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 42 бет
Санат:Сарғалдақтар тұқымдасы