Кения (вулкандық массив) - Африканың шығыс бөлігіндегі вулкандық массив. Географиялық сипаттамасы Африкадағы Килиманджародан (5895 м) кейінгі биік жер - Батиан шыңы (5199 м). Етегінен 1200 м биіктікке дейін ылғалды экваторлық орман, одан жоғары мәңгі жасыл және қылқан жапырақты ағаштар, экваторлық биік тау шалғыны өседі. Таудың қолданылуы 1000-2000 метр биіктік аралығында кофе, сизаль, банан плантациялары өсіріледі, тау басында көп жылдық қар мен мұздықтар бар. Кения шыңының атырабы - ұлттық бақ (Маунт-Кения). Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том

Дереккөздер

Санат:Таулар Санат:Африка таулары Санат:География