Кенен — Жамбыл облысы Қордай ауданындағы ауыл, Кенен ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Қордай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 52 км-дей жерде, Қопа жазығының шығысында, астық тұқымдас бетегелі өсімдіктер өскен кәдімгі сұр топырақты, шөл белдемінде орналасқан.

Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен2496 2269 90,9 1249 1164 93,2 1247 1105 88,6

Тарихы Іргесі С.М. Киров атындағы қой шаруашылығымен айналысатын ұжымшар ретінде 1930 жылы қаланды. Оның негізінде Кененде және ауылдық округке қарасты Мұзбел ауылында 29 шаруа қожалығы, 1 ЖШС жұмыс істеді.

Инфрақұрылымы 2 орта мектеп, клуб, отбасылық дәрігерлік амбулатория, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.

Дереккөздер

Санат:Қордай ауданы елді мекендері