Соражөке (Cannabina)- кезеген торғай тұқымдасына жататын, салмағы 20 г-дей құс. Биологиялық сипаттамасы Дене тұрқы 13 см-дей.Еркегінің маңдай, төс қауырсындары қызыл, арқасы қызыл қоңыр, бауыры ақ. Таралуы Еуропа, Солтүстік Африка және Батыс Азияда, КСРО –де батыс шекарадан Обь өзеніне дейін тарлған. Қазақстанның оңтүстік және шығысындағы таулы ( теңіз деңгейінен 300 м биіктікке дейін), тау бөктері аймақтарында, мыс., Угам жотасында, Талас,Іле,Жоңғар Алатауында,Қаратауда, Тарбағатай, Сауыр, Алтайда кездеседі. Көбею Орман шетінде, көбінесе бұталы жерде, бақта ұялайды, 4-6 жұмыртқа салады. Жемі- әр түрлі өсімдік дәні. Қолданылуы Арам шөп дәнін жеп пайда келтіреді. Әуесқойлар әсемдік үшін, сайрағыш құс ретінде қолда ұстайды. Қолданылған әдебиет Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том,349 бет

Санат:Пайыздар