Сулысор – Ертіс өзенінің алабындағы көл.
Географиялық орны Павлодар облысының Баянауыл ауданы, Шөптікөл кентінен оңтүстік-шығыста 40 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі 193 м.
Гидрографикасы Ауданы 12,60 км2, су жиналатын алқабы 372 км2. Ұзындығы 4,9 км, ені 3,4 км-ге жетеді.
Жағалау сипаты Жағалау сызығының ұзындығы 19 км. Жағасы көбіне жатық, сортаңды. Көлді Ащысу өзені жарып ағады. Суы тұзды, шаруашылық маңызы шамалы. Алабы - жайылым.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Баянауыл ауданы көлдері Санат:Ертіс су алабы