Шұбар — Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы ауыл, Шұбар ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыөзек ауылынан солтүстік-шығысқа карай 81 км-дей жерде, Алтынемел және Қоянды тауларының аралығында, Кескентерек өзенінің жағалауында, бұта аралас бетеге, қау, қылқан боз, т.б. шөптесін өскен қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты тауаралық құрғақ белдемде орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен14291151 1040 90,4 560 546 97,5 591 494 83,6
Тарихы 1996 жылға дейін "Чкалов" деп аталған. 1964-97 жылдары сүт өндіретін "Аралтөбе" кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылы Шұбарда және округке қарасты Аралтөбе, Онжас ауылдарында өндірістік кооператив және шаруа қожалықтары құрылды.
Инфрақұрылымы Орта, орталау, бастауыш мектеп, кітапхана, клуб, фельдшерлік-акушерлік және дәрігерлік пункттер бар. Шұбар арқылы республикалық дәрежедегі Сарыөзек-Жаркент-Қорғас автомобильдік магистралі өтеді.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер
Санат:Кербұлақ ауданы елді мекендері