Дмитрий Федорович Ходулов(4.08.1912 жыл, Мегино-Кангалас ұлысы-03.10.1977, Мегино-Кангалас ұлысы)-якут кеңес актері, КСРО халық артисі (1958). Өмірбаяны 1934 жылы Якуттың П.А.Ойунский атындағы музыкалы-драма театр жанындағы драма студияны бітіргеннен кейін, сол жылы осы театрдың негізгі құрамына қабылданды. 1935 жылы С.П.Ефремовтің "Ағайындылар" спектаклінде Николай рөлін орындап, актер оның күрделі жан дүниесін, ікшкі қайшылығы мен өзіне тән мінез ерекшелігін жан-жақты ашып бейнеледі.
Отбасы Жұбайы Мария Васильевна Кузьмина (08.03.1919 – 03.06.2002, Олекмин ауданы, Токко ауылының тумасы. Олар 12 баланы дүниеге әкелді, оның екеуі сәби кезінде қайтыс болды.
Баяқа рөлдері Ақ бақсы (Ойунскийдің "Қызыл бақсысында"), Петр (А.И.Софроновтың "Махаббатында"), Лоокут (Т.Сметаниннің "Лоокут пен Ньюргусунында"), Платон Кречет, Отелло (Корнейчуктың және Шекспирдің осы аттас драма шығармаларында), Сатин, Егор Булычов (Горькийдің "Шыңырау түбінде" мен "Егор Булычов және басқаларында") т.б. рөлдерді ойнады. Режиссурамен және көркем сөз оқумен шұғылданды. Ол - мәнерлі қимыл-әрекетке, бейнелі грим мен мимикаға ден қоятын сахна суреткері.
6 -сайлау КСРО Жоғары Кеңесінің, 5-сайлау Якут КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты әрі Президиум мүшесі. Сыйлықтары Қазан Революциясы орденімен марапатталған.Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 40 бет
Дереккөздер
Санат:4 тамызда туғандар Санат:1912 жылы туғандар Санат:Мегино-Кангалас ұлысында туғандар Санат:3 қазанда қайтыс болғандар Санат:1977 жылы қайтыс болғандар Санат:Мегино-Кангалас ұлысында қайтыс болғандар Санат:КСРО актерлері Санат:Ресей актерлері Санат:XX ғасыр актерлері Санат:КСРО театр режиссерлері Санат:Ресей театр режиссёрлері Санат:XX ғасыр театр режиссерлері Санат:Қазан төңкерісі орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Еңбекте үздік шыққаны үшін медалінің иегерлері Санат:1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін медалінің иегерлері Санат:Еңбек ардагері медалінің иегерлері Санат:КСРО халық әртістері Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 6-шақырылымының депутаттары Санат:Якут АКС халық әртістері Санат:Көркем сөз шеберлері Санат:Ойунский атындағы Саха академиялық тетары тұлғалары Санат:Мегино-Кангалас ұлысының құрметті азаматтары Санат:Якут АКС Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшелері