Қызылорда су тораптары, 1) Қызылорда су торабының оң жақ каналы. Бастауын сырдария өз. арнасында салынған бөгет маңынан алып, өзеннің оң жақ бойымен Қармақшы ауд-на дейін созылады. Ұз. 80 км, ені 20, кейде 40-80 м. Тереңд. 5-12 м. Су ағымы каналдың басында 48 м.куб/с. Канал бойында бірнеше бөгеттер, көпірлер бар. Сырдария өз-нің оң жақ бойындағы өңірдің а. ш-н дамытуда бұл каналдың маңызы зор, оның суымен күріш, жемшөптік дақылдар егілетін 60 мың га жер суғарылады.

Дереккөздер АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5