Бітімгершілік қызмет, халықаралық ұйымдардың (БҰҰ, ЕҚЫҰ және т.б.) жанжал туындағаннан кейін халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаттарына сәйкес жүзеге асыратын, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнген қауіпті жою мақсатында көбінесе бейбіт, сондай-ақ (қажет жағдайда) әскери тәсілдермен халықаралық дауларды шешуге бағытталған, саяси, экономикалық, әскери және де басқа сипаттағы халықаралық ұйымдардың ұжымдық іс-қимылдары. Оған аралық қызмет, жанжалдасқан тараптарды татуластыру, келіссөздер, дипломатиялық оқшаулау мен санкциялар да кіруі мүмкін.

Дереккөздер Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс: Энциклопедиялық анықтамалық. / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы»,2011. – 640 б. Қазақша-орысша, орысша-қазақша.ІSBN 9965-893-69-1