Британдық кітапхана () — Ұлыбританияның 1973 жылдың 1 маусымында құрылған ұлттық кітапханасы. Кітапхана Лондонда орналасқан және әлемнің ең үлкен кітапханалары қатарында. Онда әлемнің ең танымал тілдеріндегі 150 миллионнан астам құнды ақпарат, кітаптар, газеттер, бейнедеректер, дыбыс-жазбалар, карталар, суреттер жинақталған. Оған қоса 25 миллионға жуық сирек кездесетін қолжазба мен кітаптардың жинақтары бар. Аталған қолжазбалар б.з.д. 300 жылдардан хабар береді. Көлемі жөнінен әлемде АҚШ-тағы кітапханадан кейінгі екінші орында тұр.History of the British Library Сонымен қатар Google қолданушылары кітапхана ақпараттарын қарай алады және оларға керекті мәліметтерді көшіруге мүмкідік берілген. thumb|900px|center|

Дереккөздер

Санат:Кітапханалар Санат:Елдер бойынша кітапханалар Санат:1972 жылы пайда болғандар