Сарыбай Сұлтанұлы Қалмырзаев (10 маусым 1949, Шу ауданы, Жамбыл облысы — 27 шілде 2012, Астана) — ірі қазақстандық саясаткер және экономист. Бұрын Президенттің іс басқарушысы (2003–2004, 2008–2011), Қаржы полициясы агенттігінің төрағасы (2004–2008), Президент әкімшілігінің басшысы (1997–1998, 1999–2002), Жамбыл облысының әкімі (1998–1999) сияқты жоғары лауазымдар атқарған.
Өмірбаяны Сарыбай Қалмырзаев 1949 жылы Жамбыл облысында дүниеге келді. Дулат тайпасының Шымыр руынан шыққан.https://abai.kz/post/8535
Мәскеу экономикалық статистика институтын (1971), КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы халық шарруышылығы Академиясын (1987) бітірген.
Еңбек жолы 1971-1985 ж. Қазақ КСР Орталық статистика басқармасында экономист, бөлім бастығының директоры, ауыл шаруашылығы статистикасы басқармасының бастығы,
1985-87 ж. Академия тыңдаушысы,
1987-91 ж. Қазақ КСР Орталық статистика басқармасы бастығының орынбасары,
1991-94 ж. Қазақстан Республиксы мемлекеттік комитет төрағасының орынбасары,
1994-97 ж. комитет төрағасы, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлікті басқару департаментінің директоры.
1997-98 ж. ҚР Президенті әкімшілігінің жетекшісі қызметтерін атқарады.
1998-99 ж. Жамбыл облысының әкімі.
1999 ж. ақпаннан ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі.
2003-04 ж. ҚР Президентінің іс басқарушысы.
2004-08 ж. ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы.
2008-11 ж. ҚР Президентінің іс басқарушысы.
2011-12 ж. ҚР Президенті іс басқармасының «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК директоры.
Марапаттары 1981 жылы Құрмет белгісі мен медальдармен марапатталған.
Дүниеден өтуі Шілденің 27-сінде Қазақстандағы ақпарат агенттіктері «ұзаққа созылған сырқаттан кейін, 64 жасында Сарыбай Қалмырзаев дүниеден өтті» деген хабар таратты.
Дереккөздер
Тараз, Жамбыл облысы энциклопедиясы, Алматы 2003
Санат:Жамбыл облысының әкімдері Санат:Қазақстан Президенті Әкімшілігінің басшылары Санат:Қазақстан Президентінің Іс басқарушылары