Медеулов Рахман (15.09.1921 - 28.01.1991, Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан а.) - еңбек ардагері. Қазақ мемлекеттік университетін (1956), Алматы халык шаруашылыгы институтын (1970), бітірген.

Еңбек қызметі 1947-49 ж. Луговой ауданынң комсомол комитетінің нұсқаушысы, 1-ші хатшысы, 1949-51 ж., 1953-55 ж. Жамбыл облысы партия комитетінің нұсқаушысы, 1951-53 ж. облыстық комсомол комитетінің 1-ші хатшысы, 1955-62 ж. Луговой аудандық партия комитетінің 2-ші хатшысы, аудандық атқару комитетінің 1-ші хатшысы, 1965-71 ж. Свердлов аудандық партия комитетінің 1-ші хатшысы, 1971-82 ж. облыс мәдениет басқармасының бастығы қызметтерін атқаған. Марапаттары II дірежелі Отан соғысы, "Құрмет белгісі", Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, 4 рет Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің "Құрмет" грамотасымен, медальдармен марапатталған. Дереккөздер Тараз, Жамбыл облысы энциклопедиясы, Алматы 2003