Рыспубе Ахметқалиқызы Толеуханова — 1949 жылы 25-ші қаңтарда бұрынғы Семей облысының Бақты ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ болып келеді. Білімі арнаулы орта - студияға мамандалған. 1970 жылы Қазақ Академиялық драма театрының жанындағы студияны бітіріп, Семей театрына келді. Бірінші ролі М.Сәрсекеевтің «Шығыс хиқаяларында» - Рәпіш. Рыспубе көптеген актерлардың қолынан келе бермейтін «Мыстан кемпірдің» бірнеше ролін ойнады. «Жағымсыз» образ галереясын жасады.

Кейінгі жылдары сомдаған рольдері:

Б. Алимжанов «Қайран кемпір, шалдар-ай» - Сәлсәбиля С. Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Башорот У. Ғаджибеков «Аршын - Малалан» - Жахан Оралхан Бөкей «Өз отыңды өшірме» - Нұрке – жас кезі Қ. Рахметов «Ержүрек ағайындылар» - Мыстан Л. Симонова «Қасиетті сөздер» - Жезтырнақ «Қаңбақ шал» ертегісінде – Мыстан

Рыспубе Толеуханова Балалар үйіне барып, жетім балаларға мерекелік шаралар ұйымдастырып жүреді. Рыспубе қара сөздерді және өлең сөзін келістіре оқиды.http://www.teatr.semstar.com/teatr-abaja-kz/toleukhanova-ryspube.html

Дереккөздер

Санат:1949 жылы туғандар Санат:Қазақстан театр актрисалары Санат:Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы Қазақ музыкалық-драма театры әртістері