Алахан Жапарбеков (1914, Жамбыл ауд. - 2001, Жамбыл ауд. Бірлесу Еңбек а.) - соғыс және еңбек ардагері. Жауынгерлік 3-дәрежелік Даңқ орденінің иегері. 1941 ж. тамыз айында әскер қатарына шақырылды. Сталинград түбіндегі шайқаста "Ерлігі үшін" медалін алды. Дон және Висла өзендерінен өту кезінде жауға қарсы көрсеткен ерлігі үшін үшінші және екінші дәрежелі Даңқ ордендерімен, Берлинді шабуылдау кезіндегі көрсеткен батырлығы мен тапқырлығы үшін 1-ші дәрежелі Даңқ орденімен марпатталды. Соғыстың соңына қарай қираған қалалрды қайта қалпына келтіру жұмыстарына қатысты. 1945 ж. елге оралғаннан кейін, өзі туып өскен ауылдың шаруашылығын жолға қоюға белсене атсалысады,сал басын арттыруға, онан алынатын өнімдердің молшылығы мен сапасын жақсартуға көп күш-қуатын арнайды. Ұзақ жылдар бойы мал фермасын басқарады. Жамбыл аудынының құрметті аадагері. Дереккөздер Тараз, Жамбыл облысы энциклопедиясы, Алматы 2003 Санат:Ардагерлер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Алахан Жапарбеков · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.