Ынталы (1999 жылға дейін – Коммунизм)Облыстың жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiне ат қою және атауларын өзгерту туралы — Түркістан облысы Ордабасы ауданы, Қажымұқан ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы – Темірлан ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 2 км жерде, Арыс өзенінің орта ағысы бойында орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен22042217 2390 107,8 1138 1258 110,5 1079 1132 104,9

Тарихы Іргесі «Желтимес», «Қар жантақ», «Ақ киіз», «Жалғыз ағаш» елді мекендері негізінде 1920-30 жылдары қаланды. Алғашқы артельдер «Қызыл әскер», «Қызыл жұлдыз», «Елтай», «Ерназар» аталып, 1928 жылы «Ерназар», «Бейнетқор» ұжымшары ұйымдастырылған. 1963 жылдан Қажымұқан атындағы мақта кеңшарының құрамында болды. Оның негізінде шаруа қожалықтары құрылды. Ауыл 1999 жылға дейін Коммунизм ауылы аталып келді.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт жұмыс істейді. Ауылда Төрекелді Кәлпенің мешіті және Бәдірата тарихи ескерткіші бар.

Дереккөздер

Санат:Ордабасы ауданы елді мекендері