Аполлон Иннокентьевич Шадаев(15.12.1902, қазіргі Иркутск облысы,- 15.06.1969,Улан - Удэ) - бурят кеңес жазушысы. 1941 жылдан КПСС мүшесі. Өмірбаяны Шаруа отбасысында туған. Педагогикалық техникумды бітірді (1928). Улан - Удэде педагогикалық институтта оқыды (1934-35). Мұғалім болып жұмыс істеді. Шығармалары 1925 жылдан астап жарияланды. Еңбектері "Лимбе"(1935), "Баир" (Г. Цыдынжановпен бірігіп жазған, қойылуы 1938), "Көктемгі қуаныш" (1947), "Қанатты балық" (1956), "Эрхэт ұстаның қатесі" (1965) т.б. пьесаларын жазды. Бурятиядағы колхоз құрылысының қалыптасуы туралы жазылған "Мерген" комедиясы (1938) Шадаев есімін кең танымал етті. Ол бурят халық ертегілерін жинап бастыруда да еңбек сіңірді. "Будамшу" (1949), "Сиқырлы тас" (1958) т.б. ертегілер жинақтарын бастырып шығарды. Қолданылған әдебиет Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 163 бет

Санат: 1902 жылы туғандар Санат: 1969 жылы қайтыс болғандар